Тіркелу

Компания жаңалықтары.

Компанияның тұрақты жұмысы — Клиенттердің жаңа мүмкіндіктері
Жұма, 22 маусым 2018

UBK Markets компаниясының мамандары Клиенттеріміздің өнімдер мен қызметтерді пайдалану қолайлылығын арттыру мақсатында ұсынылатын қызметтердің функционалдылығын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізді.

Енді iPA-Инвесторлар Қоржындағы өз шоттарын оңай әрі ыңғайлы түрде қадағалай алады. Осыған дейін қосылған Қоржындағы әрбір «iPA-Инвестор» шоты бойынша кескіндердің бейнеленуін таңдау мүмкіндігі (депозит валютасындағы кіріс кескіні немесе тармақтардағы сауда түсімі динамикасының кескіні) бейнелеуді ауыстыру барысында баптауларды сақтау механизмін ендіру есебінен жақсартылған. Осылайша, сайттың басқа беттеріне және тармақтарына өту барысында, сондай-ақ Жеке Кабинеттен шығу барысында, Сіз таңдаған кескін бейнесі сақталатын және үнсіздік бойынша орнатылатын болады. Бейнелеу тәсілін өзгерту үшін, Сізге бұрынғысынша «iPA-Инвестор» шотының параметрлері бар блоктағы арнайы батырманы басу қажет.

Ақпараттық-анықтамалық UBK Markets info ресурсы енді ағылшын тіліндегі ауыздықта ұсынылған, бұл әлемнің әр түрлі елдеріндегі Компания Клиенттеріне біздің барлық өнімдеріміз бен қызметтерімізді пайдалану туралы пайдалы ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді. Кезең-кезеңмен біз анықтамалық материалдардың қолданыстағы базасын кеңейтіп, Сіздің UBK Markets қызметтерімен жұмыс істеуіңізге айтарлықтау көмектесетін жаңа мақалалармен толықтыратын боламыз.

Сонымен қатар біз iPA-Басқарушылардың Processed шоттарына арналған сауда сигналдарын зияткерлік өңдеу алгоритмдерін оңтайландырдық. Бұл Басқарушылардың iPA-Технологиялар бойынша сауда ережелерін орындау шарты барысында қызметтерін болжау дәлдігін арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша, өңдеудің жақсартылған алгоритмдерінің тиімділігі, алдыңғыларымен салыстырғанда, Processed шоттарында 15% дейін пайда табу тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

«Қоржындар Менеджері» қызметін іске қосу және Қоржынның сауда сигналдарын көшірмелеу мүмкіндігін ұсыну, ағымдағы сәтте Компанияның нағыз прогрессивтік бағытта — криптоиндустрия саласында белсенді қызмет жүргізіп жатқанына байланысты екенін Сізге Қосымша хабарлаймыз. Біз өз Клиенттеріміз бен Серіктестерімізге табыс алудың ең тиімді және перспективалық тәсілдерін ұсыну мақсатында Блокчейн технологиясы негізінде бірегей шешімдерді қалыптастырамыз.

Біз, жаңа мүмкіндіктердің Сіздің тұрақты қаржылай нәтижелерге жетуіңіз үшін Компанияның қызметтері мен өнімдерін тиімді пайдалануыңызға көмектесетініне сенімдіміз.

Компания сервистерінің жұмысы қалпына келтірілді
Жұма, 5 қаңтар 2018

Құрметті Клиенттер, Сіздерді бүгін, 05.01.2018 ж., 12:00 бастап 19:15 (UTC) дейін Компания контрагенттерінің бірінің қате баға кесімдерін көрсетумен байланысты техникалық ақаулар себебінен Компания сервистерін қолдану және сауда операцияларын жасау мүмкіндігі болмады. Біздің мамандар қысқа мерзімде орын алған ақауларды жою үшін барлық қажетті шаралар қолданылған болатын. Қазіргі сәтте Компанияның барлық сервистерінің жұмысы толық көлемде қалпына келтірілген. Біз уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

25.12.2017 дан 02.01.2018 дейін сауда кестесі
Дүйсенбі, 25 желтоқсан 2017

Рождестволық мен жаңа жылдық мерекелерге байланысты қаржылық нарық 25 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында келесі сауда кестесіне сәйкес жұмыс жасайды:

25 желтоқсан — нарық жабық;

26 желтоқсан — 09:00 UTC нарықтың ашылуы;

29 желтоқсан — 18:00 UTC нарықтың жабылуы;

1 қаңтар — нарық жабық;

2 қаңтар — 09:00 UTC нарықтың ашылуы.

Сондай-ақ Сізден келесіге назар аударуды сұраймыз: төмен өтімділік және осы уақыт аралығында нарықтың жоғары құбылмалылығына байланысты сауда шарттарының өзгерістері, спред пен ордерлерді өңдеу уақытының ұлғайуы, сондай-ақ маржа талаптарының өзгерістері ықтимал болып табылады.

Біздің Клиенттеріміздің сәтті жұмысы үшін жүйенің жоспарлы жаңғыртылуы
Сенбі, 25 қараша 2017

UBK Markets Компаниясы көрсететін өнімдерді және қызметтерді жақсартумен жұмысты жалғастырады, бұл Клиенттерді ең жоғары сапалы сервистермен қамтамасыз ету талпыныстарымызбен туындатылған. Және бүгін біз iPA-Инвесторларға өздерінің қызметтерін тиімді жүргізуге және тұрақты пайда алуға көмек көрсететін жаңашылдықтар туралы хабарлмаймыз.

«iPA-Инвестор» параметрлері бар блок үшін «Менің Басқарушыларым» бетінде «Басқарушылар» тарауда, пайда кестесімен бірге (депозиттің валютасында), iPA-Басқарушының (тармақтарда) саудасының пайдалылық серпінінің кестесін белгілердің (Sell и Buy) көшірілуі тоқтатылған кездің өзінде көрсету мүмкіндігі қосылды.

Енді Сіз «iPA-Инвестор» шоты үшін кестенің көрсетілуінің өзіңіз үшін ең ыңғайлысын таңдай аласыз:

  • пайда кестесі депозиттің валютасында (бұрын да көрсетілген);
  • iPA-Басқарушының саудасының пайдалылығының серпінінің кестесі (қосылған көрсетілім).

Осылайша, iPA-Инвестордыңтолықтырылған құралы Басқарушының қызметінің нәтижелілігін, оның сауда белгілері тоқтатылған немесе қайта жаңғыртылғанына қарамастан, қадағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жаңғыртылған құралдың көмегімен сауда белгілерінің көшірілуін қайта жаңғырту туралы шешім қабылдауды және «iPA-Инвестор» әр шоты бойынша теңгерімдік желінің өзгерісінің бағалау беталысын жеңілдетті және ыңғайлыландырды. Бұл, Сіз осы көрсеткішке бағдарланып, үлкен пайда алу мақсатында «iPA-Инвестор» шотын басқарудың өзіндің стратегиясын уақытылы түзете аласыз дегенді білдіреді.

Сонымен бірге, ағымдағы жаңғыртылуға келесі кірді:

  1. iPA-Инвестор сауда есептемелігіне сауда белгіердің толық тоқтауының немесе қайта жаңғыртылуының дерегін тіркейтін хабарламалардың жаңа кодтары қосылды. Қалыптастырылған есептемедегі осы хабарламалар келесі түрде көрсетілетін болады:
    • Хабарландыру коды: 1012. Sell/Buy сауда белгілерін көшіру тоқтатылды.
    • Хабарландыру коды: 1011. Sell/Buy сауда белгілерін көшіру жаңғыртылды.
  2. «iPA-Инвестор» шотының сауда шарттарына өзгерістер енгізілді. Ықтимал тәуекелдерді және контрагенттерде «iPA-Инвестор» шоты үшін кредит иінді есептеу үшін формуласында көлемдерді үлестіруді төмендету мақсатында маржаның сомасы 200 000-нан 500 000 базалық валютаның бірлігіне дейін жоғарлатылды.
  3. Басқарушының сауда белгілерінің көшірілуін жаңғыртқан кезде Сіздің «iPA-Инвестор» шотыңызда енді келесі сауда жайғасымды көшіру үшін қажет қаражаттың сомасының болуы тексерілетін болады.
  4. Егер «iPA-Инвестор» жаңа шотын ашқан кезде Сіз «Кейін көшіру» атқарымды таңдаған болсаңыз, онда құрылған шоттағы барлық сауда белгілері Сіз олардың көшірілуін өзіңіз қайта жаңғыртқанға дейін тоқтатылып тұрады.
  5. iPA-Инвесторлардың шотында ақшалай қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, осы шот бойынша сауда белгілерінің көшірілуі автоматты түрде тоқтатылады.

Жаңғыртылған құралдар iPA-Инвесторларға ойластырылған шешімдерді қабылдауға көмек көрсететіндеріне және өздерінің қаржылық мүдделерін мүмкіндігінше тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік қамтамасыз ететіне сенімдіміз.

Пайда кестесін капиталды арттыру үшін қосымша құрал ретінде пайдалану туралы толық ақпаратты Сіз мақаланың материалынан ала аласыз:

iPA-Басқарушы статусына ие болу және сауда құралдарын белсендіру шарттарының өзгерістері
Дүйсенбі, 9 қазан 2017

Серіктестіктің сенімді және тиімді шарттарын ұсыну әрқашан UBK Markets қызметінің басым бөлігі болды және солай болып қала береді. Сондықтан да біздің мамандар Клиенттер мен Серіктестердің Компания өнімдерімен және қызметтерімен жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталған сапа мониторингін жүйелі түрде жүргізеді.

Осындай зерттеулердің бірі кезінде солардың негізінде біз iPA-Басқарушы статусын алудың ағымдағы шарттарын жетілдірген нәтижелер алынған болатын, сондай-ақ сауда құралдарын белсендіру механизміне қол жеткізілді. Осыған байланысты біз «iPA-Басқарушы» шотының сауда құралдарын ақылы түрде белсендіруді тоқтата тұрамыз және Клиенттердің iPA-Басқарушы статусына ие болуы үшін Practice Test енгіземіз (осыған дейін қосымша валюталық жұптарды пайдалана отырып «iPA-Басқарушы» шотында сауда операцияларын жүргізу 350 USD мөлшерінде жарнаны төлегеннен кейін қолжетімді болғанын еске саламыз).

Practice Test Клиенттің iPA-Басқарушы қызметін жүргізу және әрбір сауда құралын белсендіру мүмкіндігі үшін орындауы қажет болған арнайы шарттар мен ережелер кешені болып табылады. Practice Test шарттарын орындау біздің Клиенттерімізге қаржы нарығындағы өздерінің сауда мүмкіншіліктерін растауға және жетістікке жету үшін қолда бар дағдыларды жетілдіруге, ал Компанияның өз кезегінде — өзара тиімді серіктестік мүмкіншіліктеріне көз жеткізуіне мүмкіндік береді.

Әрбір сауда құралын белсендіру үшін, ал ең алдымен — iPA-Басқарушының статусын алу үшін келесі шарттарды орындау жеткілікті:

  • Өзіңіз таңдаған сауда құралы бойынша «Classic» Нақты шотында кем дегенде 75 келісім жасау қажет, оның 55-і және одан көбісі табысты болуы тиіс (табыстың оңтайлы мәні — әрбір келісім бойынша 100-ден бастап 150 тармаққа дейін);
  • Нақты шотта таңдалынған сауда құралы бойынша жасалған операциялардың жинақтық көлемі кем дегенде 5 лотты құрауы тиіс;
  • Нақты шотта жасалған келісімдерде кез келген бағыттағы әрбір сауда құралы бойынша баға өзгерісінің жалпы қосындысы, олардың табыстылығы немесе залалдылығына тәуелсіз 8 000 тармақтан кем болмауы тиіс.

Берілген шарттар 14.10.2017 ж. бастап өз күшіне енеді. Сіздердің назарларыңызды Practice Test іске қосылған сәтте «iPA-Басқарушы» шотын ашып үлгерген және қажетті сауда құралдарын белсендірген Кленттерден Practice Test-тен өту талап етілмейтініне және олардың өз қызметтерін осыған дейін иемденген статустарының негізінде жүргізе алатынына аударамыз.

Біз бұл өзгерістердің iPA-Басқарушыларға сауда стратегияларының табыстылығын айтарлықтай арттыруға көмектесетініне, сол арқылы iPA-Инвесторлардың үлкен назарын аудартуға ықпал етіп, қорытынды сыйақы мөлшеріне оң әсер беретініне сенімдіміз. Сонымен қатар дәл осы сапалық сауда сигналдары жуырда қолжетімділік ұсынылатын Қоржындардың - Компанияның жаңа өнімінің жұмысындағы жүйеде қолданылатын болады. Бұл iPA-Басқарушыларға олардың Қоржынына сауда сигналдарын көшірмелеу нәтижелері бойынша қосымша табыс алуға мүмкіндік береді.

Осыған дейінгідей, Компаниядан бастау алған барлық жаңартулар біздің Клиенттеріміздің сәтті жұмысы үшін ұсынылатын өнімдер мен қызметтерді жетілдіруге деген ұмтылыспен шартталған.

Жоғарыда көрсетілген жаңа енгізілімдер туралы қосымша ақпаратты Сіз мақала материалдарынан ала аласыз: